Спортшы Лондонда жеңіске жетті

«Шымкенттік шахматы Гүлісхан Нағбаева «London Chess Classic 2011″ халықаралық турнирінде жеңіске жетіп, күміс медельға ие болды», – деп хабарлады спортшының жаттықтырушысы Григорий Ким.

Әлем чемпиондары қатысқан дүркін жарыста Қазақстаннан  тек жалғыз біздің жерлесіміз ғана бәсекеге түскен. 20 жасар батыл қыз 9 партияда ойын көрсетіп, тек біреуінде ғана қарсыласымен тең дәрежеде түскен. Ал финалдық ойын алаңында ол Англия спортшысымен бетпе-бет келіп, бақ сынасады. Нәтижесінде екі мықты біріне -бірі есесін жібермей, бірдей ұпайға ие болады. Алайда, шешуші кезеңде ағылшындық шахматшы таразы басын асырып кетеді де, Гүлісхан екінші орынға тұрақтайды. Ал үшінші орын Литвалықтарға бұйырды.

Лондонда Гүлісхан гроссмейстер атағына таласқан болатын. Ендлі оның қоржынында тағы бір жеңіс. Сондықтан келесі жылы гроссмейстер атануға толықтай мүмкіндігі бар.

Күміс алқа иегері бүгін Шымкентке ұшып келеді. Алдағы уақытта оның жеңімпазбен болатын сұхбатын сайтымыздан оқи аласыздар.