Тәуелсіздік қарсаңында спорт мамандары да мадақталды

252
ауыратлетикадан спорт мектебінің директоры Юрий Мельников

Оңтүстіктің 43 азаматы Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты арнайы төс белгіге ие болды. Спорттың дамуына өзіндік үлес қосқан жерлестеріміз үшін бұл мереке алдында үлкен сый болды. Олардың қатарында Лондон Олимпиадасына үміткер Біржан Жақыповпен боксшы Жайна Шекербеков да бар.

Ағаларымен қатар олар да осындай мәретебеге ие болды. Өйткені осындай спорт саңлақтарының арқасында ел туы биікке көтеріліп, Әлемдік аренада ән ұранымыз шырқалып жүр. Сондай ақ кезінде спорт ордаларын басқарып бүгінде зейнеткерлікте жүрген қарияларға да төс белгі тағылды.

Ақжол Асқаров: «Шымкенттің  азаматтары осындай төс белгіге ие болып отырғаны тектен тек емес. Бұл азаматтардың әр қайсысы жылдар бойы еңбектеніп, бір қатар Әлем Чемпиондарын тәрбиелеп шығарған. Олимпиада ойындарында еліміздің ән ұраны шырқалуына да ат салысып жүргені баршамызға мәлім. Ел басымыздың осындай мәртебесіне ие болып отырғанымызға өте қуаныштымын. Бұдан былай да Чемпиондардың қатары көбее түстеніне сеніммен қараймын.»