Меркеде ел болып, 4 күн демалатын болдық. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заңы бойынша Тәуелсіздік күні ұлттық мереке болып саналады. Сондықтан екі күн қатарынан 16 және 17 желтоқсанда аталып өтеді.
Осы жылы 17 желтоқсан демалыс күніне түсіп тұр, сондықтан да мереке күні дүйсенбіге, яғни 19 желтоқсанға көшіріледі.