Сенбі күні Шымкентте Орталық әмбебап дүкені алдында, Қонаев даңғылы бойында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Биылғы жылдың соңғы жәрмеңкесінде сауда логистикалық орталығының көліктерімен жеткізілетін азық-түлік тауарлары тұрғындарға ұсынылмақ.
Бағасы базардағы нарықтан төмен өнімдер тиелген көліктерді табуға тырысыңыздар. Жаңа жылдық дастарханға қажетті тағам түрлерін қолжетімді бағамен аласыз деп сендіреді қалалық сауда бөлімінің мамандары.