Жаңалықтар 

Жаңа жол пайдаланбай жатып жарамсыз болып шықты

Шымкенттегі Өтегенов көшесінің құрылысы ұзаққа созылды. Жоспар бойынша ол 2009 жылдың соңында пайдалануға берілуі тиіс болатын. Бүгінде тегіс жерінен ойылған шұқырлары басым жолды мердігерлер келесі 2012 жылдың алғашқы жарты жылдығында аяқтаймыз дейді.

Ұзындығы 4 шақырымға жуық Өтегенов көшесімен жүрдім дегенше құрыдым де. Бұл көшемен көлік түгілі жаяу адам сүрінбей жүре алмайды. Десек те, амалы құрыған тұрғындар да, көліктер де қатынауға мәжбір. Көше салуды жоспарлаған жергілікті басшылар құрылыс аяқталғанша көпшіліктің жүріп тұруына балама жол қарамстырмаған. Жол құрылысы тап осылай сағызша созылады деп ойламаған шығар. Есесіне артта бақандай үш жыл қалды, ал жол жоқ.

МАИ қызметкерлері де бұл жолмен жүру қауіпті екендігін жақсы біледі. Тіпті бірнеше рет жолды жауып қатынауға рұқсат жоқ деген белгілер де ілінген. Өкініштісі оған құлақ асар жан жоқ. Мұқтаждық қауіпсіздіктен басым болыпты. Бір қызығы  жол деген атауы бар құрылысқа млрд.-тан астам қаражат құйылды. Мердігерлер жұмыс 90 пайызға орындалды деп отыр. Өкініштісі, бұл көшедегі құрылыстың біткенінен бітпегені көп.

 

Related posts