«Нұр Отан» партиясы сенім білдіргендерді жеңісімен құттықтады

Форумы Нұр Отанның

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов кезектен тыс Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» партиясына зор қолдау білдірген оңтүстік жұртына алғыс білдірді.«Алға Қазақстан» атты «Нұр Отан» партиясы жақтастарының форумында сөз сөйлеген облыс басшысы осы жолғы сайлаудың өзгеше болғандығын баса айтты.

Сонымен қатар, жиын барысында партияның лидерлері халық алдында сөз сөйлеп, көпшілікті парияның болашағыана сенуге шақырды. Сарапшылардың айтуынша, осы жолғы саяси науқан 2007 өзгерістер енгізілген Конституция бойынша партияның көппартиялы болатындығын еске салды.

Енді «Нұр Отаншылар» халық алдындағы тұғырнамада уәде еткен бағдарламаға сәйкес жұмыстарға таяу күндері білек сыбана кірісетіндіктерін мәлімдеді.