Облыстық Нұр Отан ХДП-нің филалының алдында автожүргізушілердің рұқсат етілмеген акциясы өтті. Айтуларынша, сату үшін алып келген көліктерін кедендік рәсімдеуде жеңілдетілген ережелер бойынша өткерген. Кейінірек белгілі болғандай, олардың көліктері мұндай рәсімдеуге жатпайтыны анықталған.
Өйткені, көліктердің шығу мен пайдалану мерзімдері сай келмейді. Ал бұл қазақстандық заңнамада орындалуы тиіс ереже. Сотқа берілген істе көлік иелері жеңіліс тапты. Нәтижесінде 140 теміртұлпар иесі 274 миллион теңге қосымша үстеме ақымен төлеуі тиіс.
Павел Пак, заңгер: «Халықаралық стандарттарда мұндай фактордың ескерілмегеніне қарапайым адамдар кінәлі емес қой. Шет елде көліктің шығарылу мерзімі алғашқы иесіне табысталған күнмен анықталады. Ал біздің заңдылықта мұндй көзделмеген. Соның салдарынан 141 адам 274 млн. теңге қарыз боп отыр. Көбісінің үй-жайлары тәркіленген. Мұндай акция бүгін Орал қаласында да өтуде.»