Қорғасын зауыты тағы да бір жыл жұмыс істейтін болды

1109

Шымкент қорғасын зауыты тағы да бір жыл бойы жұмысын тоқтатпайтын болды. Өйткені облыстың әкімдігімен қорғасын зауыты арнайы меморандумға қол қойған. Айта өту керек, мұнда мыңға жуық адамның жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Тағы да бір жылға зауыт жұмысының тоқтатпауының негізгі себебі де осы болар деп топшыладық.

Кезінде облыстың экологтарының дабыл қағуының арқасында қорғасын зауытының қоршаған ортаға тигізіп жатқан залалы турасында мәселе тек жергілікті емес, Елбасының алдында да көтерілген болатын. Түтеген түтіннің куәгерлері де шырылдап, «Отырар» телеарнасына қоңырау шалған да.

«Десек те, қорғасын зауытының облыс экономикасына тигізіп жатқаны орасан екеніне күмән келтіремін.  100-ға жуық жұмысшыларды жұмыспен қамтып, мемлекетке төлейтін салығы болмаса… Бұл үлкен мәселе. Кезінде мемлекет басшысының өзі қорғасын зауыты туралы да өз ойын айтқан болатын. Қаланың қақа ортасындағы өндіріс орны шет аумаққа ауытырылуы керек екендігі турасында да айтылған. Дәл экологтардың талап-арызы бойынша республикалық деңгейге дейін көтерілген мәселе әлі де біздің бақылауымызда болады,»- дейді Шу-Талас экология депртаменті Оңтүстік Қфзақстан облысындағы филиалының директоры Әбдіғани Атымтаев.

Облыс  экологтары қанша жерден зауыт меморандумға тұрып, өз жұмысын тоөтатпағанмен, қырағы назарда болатындығын айтуда. Шымқаланың қақ ортасында қоршаған ортаға залалын тигізіп, экологиялық заң талаптарын қаншалықты сақтайтындығы да бақылауда болмақ.