Ақша бопсалаған жасөспірімдерден құралған бұзақы топ ұсталды

319

Өзгеге әлімжеттік жасап, ақша бопсалап жүрген жасөспірімдерден құралған бұзақы топ ұсталды. Олар мектеп оқушылар мен студенттерді қорқытып, қомақты қаржы талап етіп келген. Бұзақыларды ұстау полицияға хабарласқан жәбірленушінің анасының арқасында ғана мүмкін болды.

Жасөспірімдерден құрылған бұл топ жыл басынан бері 16 жастағы жасөспірімді бопсалап ақша талап етіп келген. Соңында жәбірленукшінің шыдамы таусылып, бұл оқиғаны анасына айтады. Бұдан соң мән-жай полицияға хабарланды.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз жетекшісі: «ОҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны арызданып келді. Ол өз арызында белгісіз тұлғалар оның 16 жастағы жасөспірім баласынан 50 мың теңге талап еткендігін көрсеткен. Сол арыз бойынша арнайы іс-шаралар өткізілді. Оларды ұстау барысында 16 калибрлі шолақ мылтық, пневматикалық тапанша патрондарымен және газ тапаншасы алынды. Бұл негізі атуға болатын қолдан жасалған. Және пышақ алынды».

Ұсталғандар тәркіленген қаруларды тауып алдық деп ақталып отыр. Бұл мәлімдемелері ақылға сыймайды. Өйткені, олардан қарудың бірнеше түрі табылған.

Ұсталған:»Бір сағат бұрын Еңбекші ауданы полицейлеріне өткізбекші едім. Оны тауып алдым».

Мұндай оқиғалара қоғамда жиі орын алады. Алайда, бопсалаудың құрбаны болғандар полицияға хабарласпайды. Жәбірленушінің басым көбі жастар. Әлімжеттіке барып жүргендер де қатарластарын қорқытуды әдетке айналдырған.

Бопсалу бойынша пайда көріп жүргендердің үстінен ҚР ҚК бірнеше бабы бойынша іс қозғалды. Ұсталған 14 баланың екеуі ғана кәмелет жасқа толған.