ОҚО көліктерді техникалық байқаудан өткізуде көш соңында келеді

217

ОҚО көлік жүргізушілері техникалық байқаудан өтуде Республикады көш соңында келеді. Жыл басынан бері бар болғаны 1117 автокөлік техникалық байқау станцияларына барған. Ал өңірімізде ресіми тіркелген 4 жүз мыңнан астам көлік құралдары бар екендігін ескерсек, нағыз науқан наурыз айынан басталады дейді мамандар.

Асықпаитын көлік иелерінің нағыз ұзын сонар кезекте тұратын уақыты да алыс емес. 1117 автокөлік техникалық байқау станцияларына барған. Ал, өңірімізде ресми тіркелген 4 жүз мыңнан астам көлік құралдары бар екендігін ескерсек, нағыз науқан наурыз айынан басталады дейді мамандар. Асықпаитын көлік иелерінің нағыз ұзын сонар кезекте тұратын уақытары да алыс емес.

Қаладағы «Алатаутехсервис» ЖШС-нің көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізетін орталық. Облыстағы 4 желілі екі шұғыл тобы бар бекет болғанымен, мұнда көліктерін сыннан өткізуге келетіндердің саны аз. Күніне бар болғаны 20 жүргізуші темір тұлпарын осында әкеледі. Көліктен ақау табылса, кері қайтарады деген әңгімені естіген Аман Садырбаев қобалжулы. Қуанышқа орай, шетелдік көлік сынақтан сүрінбеді.

Облыс аумағында жыл басынан бері 5 техникалық байқау орталығы ашылған. Оның бірі Мақтарал, екіншісі Кентау қаласында, үш бекет Шымкентте. Мамандар наурыз айының ортасына дейін тағы 6 орталық ашуды жоспарлап қойыпты. Мамыр айына дейін өңірімізде 32 орталық, 32 мобилді тоб болатындығына сенімді. Өйткені техникалық байқау орталығын ашуға 72 азаматтан өтініш түскен.

Бәидібек, Созақ аудандарында көлік тексеретін орталықтар әзірге жоқ. Сол себепті біз 20 наурыздан бастап барлық жылжымалы бекеттерді сонда жібереміз әкімдермен келісім бар. Жылына екі рет көліктерін тексеруден өткізуі тиіс жолаушылар тасымалымен айналысатындар асығар емес. Облыс бойынша тіркелген 14 мың 316 автобус және шағын газельдің бар болғаны 217-сі техникалық тексеруден өткен. Бұл көрсеткішке қарап, күнделікті қаншама жолаушыны тасымалдап жүрген көліктердің қауіпсіздігіне кімнің кепілдік береді деген сауал еріксіз туындайды.