Көшелер қазақшаланып жатыр

470
тақтайшалар ілінуде

Шымкент қаласындағы бұрынғы «Чапаевка», қазіргі «Оңтүстік» шағынауданындағы көшелердің атауы қазақшаланып жатыр.
Осы уақытқа дейін бірнеше көшенің атауы өзгертіліп, оларға ҰОС-ның және Кеңес Одағы батырларының аты берілуде. Ал «Октябрь оқиғасына 40 жыл» деген атауымен аталып келген көшеге осыдан екі жыл бұрын Ғұбайдолла Әлібековтың аты берілсе, бүгін арнайы тақтайшалары ілінді.

Ғұбайдолла Әлібеков мемлекет қайраткері, еліміздегі бірінші әділет министрі болған. Қазаққа әйел теңсіздігінің орнатқан бірінші азамат.

Болат Ғұбайдуллин, Ғ.Әлібековтың немересі: «Мен осы атауды алуым үшін 10 жыл жүгірдім. Шынымен-ақ, бұрынғы Кеңес дәуірінен келе жатқан көшелерді жаңалауға көңіл бөлініп, әжептеуір жұмыстар атқарылып жатыр».