17 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылды

 Мақтарал ауданында қылмысты дер кезінде тіркемей, заңбұзушылыққа жол берген 17 полиция қызметкеріне тәртіптік шара көрілді.

Аудандық прокуратура қызметкерлері кезекті жұмыс жоспарына сәйкес аудандық ішкі істер басқармасында, оның 1 және 2 полиция бөлімдерінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның орындалу барысына қатысты тексеру жүргізеді. Сөйтсе…

 Мақтарал аудандық ішкі істер басқармасы бойынша -1066, осы басқармаға қарасты №1 полиция бөлімі-458, №2 полиция бөлімі-1889 өтінішті тіркемегені анықталды.  Аталған заң бұзушылықтарға АІІБ-ның және 1, 2-ПБ-нің, көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері жол берген.

Тексеру қорытындысы бойынша 17 полиция қызметкерді тәртіптік  жаза күтіп тұр.  

Кеңестік идеология заманында «менің милициям- мені қорғайды» деген ұран болушы еді…Бүгінгі полиция қызметкерлері қорғаудың орнына…деп қаласың осындай дәйектерден соң.