Оңтүстіктегі су тасқыны қайталанады деген аймақтарды бақылауға министрлер келді

296
"Көксарай" су қоймасы

Су тасқыны қайталанады деген аймақтарды бақылауда ұстау керек! Президенттің осы тапсырмасымен облысқа Төтенше жағдайлар және ауылшаруашылығы министрлерінің орынбасарлары келді.

Қазір олар Оңтүстік өңіріндегі қауіп күшті саналатын елдімекендер мен аудандарды тікұшақпен аралап көруде. Шенеуніктер алдымен Көксарай су реттегішінің жәйін көрді.

«Қазір контррегулятордағы су көлемі 2 млрд. 791 млн. текше метр суды құрайды»,- дейді «ОңтүстікСушар» мекемесінің мамандары. Оның сыйымдылығы 3 млрдқа тең.