Бүгін облыстық аурухананың офтальмолог мамандары тегін қабылдау жүргізді. Ашық есік күні емдеу мекемесін 30-дан жылдан аса уақыт басқарған дәрігер Сергей Константинович Кривцовтің туылған күніне орай ұйымдастырылды. Таңертеңнен көз жанарын тексертуге келгендердің саны аз болмады.
Көз дәрігерлеріне деген кезек бір минутта толастамады. Ашық есік күніне тап келгендер тек қана көздерін тексертіп қоймай, оның қысымында тегін өлшеді. Білікті мамандар арнайы лазерлік және компьютерлермен тексеріп, кеңес беріп жатты.
Халық Мейманқұлов, облыстық офтальмологиялық ауруханасының меңгерушісі:«Бүгін келушілер саны өте көп. Дәрігерлер үлгере алмай жатыр. Көмектесуге өзімде келдім».
Көзді тыңғылықты тексеру бір науқастың қалтасына әжептеуір салмақ салады екен. Оның бағасы 7 мың теңгеге барып жығылатын көрінеді. Бірақ ашық есік күнінде ешкімде ақша шығармады. Өйткені 13-наурыз бұл ауруханада атаулы даталардың бірі, яғни дәрігер Сергей Кривцовтың күні. Ол Қазақстанда алғаш рет офтольмологиялық ауруханаларды 30 жыл қатарынан басқарған білікті дәрігер. Бұл күнде оның өзі тәрбиелеген шікірттері қызмет етіп жүр.
Дулат Үдербаев,облыстық офтальмологиялық ауруханасының бас дәрігері:«Біз осылайша, өз оқытушымыздың туған күнін атап өттік. Тумасынан талант иесін, офтальмог дәрігерді еске алып тұрғанымыз дұрыс деп ойлаймын. Бұл халыққа жасаған игі іс болса, екінші жағынан дәрігерге деген құрмет».
Мұндай ашық есік күні 2009 жылдан бері өткізіліп келеді екен. Өткен жылдардың қорытындысы таңғаларлықтай. Көз ауруларының алдын-алуларына әжептеуір үлес қосып келеді. Дәл осы ашық есік күні көрінуге келген науқастардың 30 пайызы көздеріне ота жасатпай-ақ емделіп шығады екен.