«Отырар-TV» мұражайына ерекше сый тарту етілді

Арнамызға ерекше сый тарту етілді. Ленталы магнитофон, «Зоркий» фотоаппараты және портотивті баспа машинасы. Отырардың мұражайына қала тұрғыны Иван Максимов осылайша күтпеген сый жасады. Мұны ол көптен бері арнамызға әкелуді жоспарлап жүрген екен. Бүгін сәті түсті.

Кеңес заманында шығарылған техникаларды біздің телеарнаның жастары қызыға тамашалады. Өйткені, бүгінгі таңда заманауи құрылғылармен жұмыс жасап жүрген жастар үшін бұл таңсық дүниелер.

Иван Максимов арнамыздың тұрақты көрермені. Зейнеткер қаладағы үй төрағалары арасында үздік жұмыс істейтіндердің бірі. Ал оның бүгінгі ерекше сыйы Отырардың мұрағатында сақталып, келген қонақтардың назарына ұсынылады.