Шымкентте кубалық Eminencia Clasica тобының мүшесі Бладимир Кабрера қайтыс болды

203

Шымкентте концерт кубалық Eminencia Clasica тобының мүшесі Бладимир Кабрера қайтыс болды.

«Tele2» дискаунтер еуропалық операторының Шымкенттегі жұмысының бастамасына орай, өткен концерттен соң кубалық Eminencia Clasica тобының мүшесі Бладимир Кабрера қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

17-наурызда өтіп жатқан концерт кезінде Eminencia Clasica тобының мүшесі  өзін әлсіз сезініп, сахнаға шығудан бас тартқан. Оны кеуде тұсы мазалаған. Есінен танған әнші облыстық ауруханаға жеткізіліп, есіне келместен қайтыс болған. Қазіргі таңда әншінің қаза болу себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

«Tele2» компаниясы әншінің туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтуда» – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Eminencia Clasica тобы Кубада құрылған болатын, «Тele2» компаниясының Қазақстандағы барлық концерттерінде өнер көрсетіп келген.