Үздік Фармацевт 2012

2012 жылдың үздік фармацевті. Осы атаққа ие болу үшін республикамыздың Алматы, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Түркістан медицина колледждерінің 9 түлегі сынға түсті.

Айдана Сағынбекова-Шымкент Медицина колледжінің студенті

«Кім жүйрік» блицтурнирі. Еліміздің түрлі аймағынан келген болашақ фармацевттер осылайша өз білімін жылдам көрсетті. Барлық сұраққа мүдірмей жауап беріп, оза шапқан ару Шымкент медицина колледжінің түлегі Айдана Сағынбекова. Бұйыртса, дәл бүгін жеңіс тұғырынан көрінбек.

Ұйымдастырушылардың бұл байқауды өткеруінде мән бар. Осындай ойындар арқылы фармацевт мамандығының қоғамымымзда тапшы екенін жұртқа жария ету мақсаты. Мәселен, өткен жылы Шымкент медицина коллледжіне 50 студент осы мамандықты таңдап келген.

Ескеру керек, «Үздік фармацевт» байқауы әдеттегідей әспеттелген жоқ. Керісінше, мұнда теориялық білім мен тәжірибенің тоғысқан тұсы көрініс тапты. Сөйтіп, 2 кезеңнен тұратын сайыста қатысушылардың тәжірибелік дағдылары мен шеберліктері сыналды.

Шымкентте бұл жолы фармацеавттердің үздігі анықталса, алдағы уақытта көкшетауда үздік мейірбике белгілі болады. Ал Алматы емдеу ісі мен лабороториялық диагностиканың нағыз шеберін іздейді.

Жарыс нәтижесінде бас жүлде Шымкентте қалды. «Үздік фармацевт 2012» атағын Айдана Сағынбекова жеңіп алды. Білім додасында бірінші орын Жамбыл медицина колледжіне бұйырса, Республикалық медицина колледжі екінші, ал Қостанайдан келген қонақтар үшінші орынды қанағат тұтты.