Әнге әуес, күйге құмар баланың жаны да сұлу болып өседі

Ән- би үйірмесенің әнші қыздары

Концертке қолына үкілі домбыра алып, ұлттық киім киген, қазақтың күйлерімен сусындап, домбыра шертудің сырларына қанық болған оқушылар жиналды. Облыстық балалар және жасөспірімдер орталығындағы ән домбыра үйірмесінің мүшелері жылдық есептік концертін ұсынды.

«Мұнда балалар домбырамен ән орындап, баян, сырнай аспаптарында ойнауды үйренеді. Негізгі мақсатымыз- балалардың қазақтың ұлттық домбырасына, ұлттық дәстүрімізге қызығушылығын арттыру, өнерге жақындату»,- деді облыстық балалар және жасөспірімдер орталығындағы ән-домбыра үйірмесінің жетекшісі Перизат Әшірбекова.

"Наркескен" тобы кештің басты қонағы болды

Әнге әуес, күйге құмар баланың жаны да сұлу болып өседі деп ғұлама жазушы М. Әуезов айтқандай. Осынау сөзді санасына жаттап алған оқушылардың кез-келгені домбыра мен сырнай аспаптарында еркін ойнайды.  2009 жылы ашылған қаламыздағы осындай жалғыз үйірмеге бүгінде 60-там астам шәкірт қатысады.

«Үйірмеге қатысқан екі жыл ішінде көптеген қазақтың құндылықтырын, жақсы қасиеттерін бойымызға сіңірудеміз. Әрі концерттер де жиі болып тұрады. Болашағымызды айқындап, өнерге жетелейтін мұндай кештерден де аларымыз көп»,-деп, ойымен бөлісті Ақмарал Имамәді. 

Ал аталған кештің басты қонағы танымал топ Наркескен. Жас өнерпаздардың қызығушылығын арттыру мақсатында әншілерді арнайы шақыртылған. Өнер иелеріне оқушылар олардың өмірлеріне, шығармашылықтарына қатысты сұрақтар қойып, пікірлесті.