1-мамырдан бастап телефон ақысы көтеріледі

1 мамырдан бастап телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне жаңа тарифтер енгізіледі. Жергілікті телефон байланыс қызметтері төлемін уақытпен есептеу жүйесіне көшірілген/көшірілмеген негізгі бір телефон аппараты үшін ай сайынғы абоненттік төлем көтеріледі: қалалық және ауылдық жерлерде тұратын абоненттер үшін 20%-ға.

Айталық, жергілікті телефон байланыстары қызметтері төлемін уақытпен есептеу жүйесіне көшірілмеген негізгі телефон үшін ай сайынғы абоненттік төлем қалада – 624,00 теңгеден 748,80 теңгеге, ауылда – 414,30 теңгеден 497,16 теңгеге дейін жоғарылайтын болады.