Ең көп қару өткізген оңтүстікқазақстандықтар

243

Елімізде заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы аяқталды. Акция қорытындысы көрсеткендей республика бойынша ең көп қару өткізген оңтүстікқазақстандықтар болып шықты. Жалпы 1499 азаматқа ақшалай сыйақы берілуі қажет жоспар бойынша. Соның 77-не ғана тиісті қаржы төленген.

Аудандар көшін Мырзашөл өңірі бастап тұр. Одан кейінгі сатыға Сарыағаш ауданы жайғасқан. Сатып алынған қарудың барлығы алдағы уақытта арнайы цехте жойылатын болады. Бұл жұмыстар бүгіннің өзінде-ақ қолға алына бастады. Тәртіп сақшылары оқ дәрілерден бастауды жөн көріпті.