Шымкенттегі 74 мектептің 11-сынып оқушылары бір апталық далалық оқу-жаттығу жұмыстарына кірісті. Сөйтіп, 23 сәуір күні Абай ауданының 27 мектебінен жиналған оқушылар «65/06» әскери бөлімінің «Ақтастағы» оқу-жаттығу алаңына жиналып, ұрыс қимылдарының әдістемесін меңгеруді бастады. Ал бұл кезде қыздар жағы алғашқы әскери дайындық пәнінің тәжірибелік сағатын қаладағы емханаларда мейірбекелерше атқарып жатты. Еске салған жөн, қаладағы 74 мектепті биыл 2296 ұл бала мен 3151 қызбала бітіріп шығады.
Бес күндік жаттығу жұмыстарына екі жарыммыңға жуық бозбала қатысуы тиіс жаттығу жұмыстарына 100 оқушы қатыса алмайды. Себебі, денсаулығы жарамсыз. Бұл дегеніңіз болашақ отан қорғаушы азаматтардың арасында әлжуаздары көбейіп бара жатыр деген сөз. Мұны мұғалімдердің өзі де растап отыр.
Жанат ТӘЖИЕВА, Қалалық білім бөлімінің бастығы: «Әскер қатарына барғанда бозбалалар таяқ жеп жатады. Не болмаса, суицидке ұрынып жатады. Дәл осылардың барлығы балалардың әскерге бармастан бұрын психологиялық дайындығының жоқтығынан болып жататын құбылыстар деп ойлаймын. Біз оқушыларға осы бес күн ішінде әскерде қаншалықты қиын боларын осыбастан білсін, көрсін деп ұйымдастырып отырмыз. Ол үшін 65/06 әскери бөлімінен осы алаңдаңды сұрап, жаттығу жұмыстарын өткізіп отырмыз».
Абай ауданының оқушыларынан соң мұнда Еңбекші мен Әл Фараби аудандарының бітіруші сыныптары шынығады. Қалалық білім бөлімі бұдан былай енді жыл сайын Ақтас алаңын жаттығу жеріне айналдырамыз деп отыр.