Нұржан Төлендиев (Тука) киноға түсті

Кинодан үзінді

«Бізді күтер бір бақыт». Бұл жаңадан жарыққа шыққалы жатқан фильм.  Коммедиялық жанрда түсірілген туындының режиссері-Мақсат Оспанов. Ал сценариін жазған Мақсат Оспанов, Данияр Саламат, Кенжебек Шайқақов, продюсері Самат Құсайнов. Фильмде басты рольді сомдайтын «Алдараспан» әзіл-ысқақ театрының директоры-Нұржан Төлендиев. Онда әзілге бір табан жақын актерлер ойнайды.

«Бізді күтер бір бақыт»фильмінің сюжеттік желісі-ауылдан қалаға жұмыс жасаймын деп келген аңғал баланың басынан өткен қызықты да қиынға толы кезеңдері.  Кинодағы басты кейіпкер пысық, жұмыстың көзін тауып, жұмыс талғамайтын еңбекқор жігіт.

Фильм әзірге монтаждалу үстінде. Бірер күнде дайын болып, дүйім жұртқа ұсынылмақшы. Алдымен еліміздің бас қалаларында тұсауы кесілген фильм кейіннен Шымкент қаласында көрсетілмек.

Нұржан Төлендиев, актер: «Мен фильмге түсу туралы көп ойланған жоқпын. Кейіпкерімнің образына ену маған қиындық та туғызған жоқ. Фильм коммедиялық жанрда болған соң маған онай болған шығар. Тәрбиелік мәні бар туындылар көптеп жарыққа шыға берсе екен деген ойым. Ал әзіл қашанда қарапайым халыққа керек. Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршаған адам алдымен көңіл сергітер нәрсе іздейді. Міне осындай фильмдерді көріп, рухани азық пен тәрбие алады».