Парламент Мәжілісінің депутаттары Қазақстан халықтар достығы университетінде

366

Қазақстан халқы ассамблеясы атынан мәжіліске сайланған депутаттар Розақұл Халмұрадов пен Роман Ким оңтүстіктегі сапарын Қазақстан халықтар достығы университетінен бастады. Халық қалаулыларының жұртпен жүздесу кезінде Елбасының биылғы жолдауын насихаттауға баса мән берді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Розақұл Қалмұрадов Елбасының жолдауында айтылған бағыттардың барлығы да ел және елдің дамуы үшін аса қажет екендігінен сөзін бастады. Соның ішінде бір ғана мемлекет емес, бүкіл әлемде маңызды болып саналатын үш құндылыққа тоқталды. Ол – бейбітшілік, келісім, жасампаз еңбек. Мәселен бір ғана «Жұмыспен қамту» бағдарламасының өзінде осы үш ұстаным ұштасса ғана нәтижелі болады.

Қазастан халқы ассамблеясы атынан мәжіліске сайланған депуттар Розақұл Халмұрадов пен Роман Кимнің сапарын Қазақстан Халықтар достығы университетінен бастап, достық, бірлік тақырыбында да әңгіме өрбітуі тегін емес. Мұнда 10 елден шәкірттер келіп білім алуда. 5 мың студентке білікті ұстаздар қауымы дәріс береді. Депутат Розақұл Қалмұрадовтың елбасының жолдауында айтылған Жұмыспен қамту бағдарламасын егжей-тегжей түсіндіруі әсіресе студенттердің көңілінен шықты.

Ал ұстаздар қауымын ел экономикасының дамуы жолында атқарылып жатқан және болашақта жүзеге асыралатын жоспарлар қызықтырды.

Жастар бағдарламаның жергілікті жерлерде жүзеге асатынына сенімді. Сол арқылы болашағымыз жарқын болады деге үмітте.