Шардарада браконьерлер қолға түсті

343

Шардара су қоймасында 3 бірдей браконьер қолға түсті.  ОҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мен Шардара балық инспекциясының бірлескен рейдінің нәтижесінде Мақтаарал ауданының азаматы ұсталып, 2 қылмыстық іс қозғалды. Бұл жыл басынан бергі бірінші жағдай емес.

«Бүгінге дейін 72 әкімшілік іс қозғалып, 9 экологиялық қылмыстың құрамы бар іс белгілі болды. 15 адамның үстінен 96 хаттама толтырылған» -дейді Шардара балық инспекциясының бастығы Ғалымжан Жарасов.

Айта өту керек, қазір балықтардың уылодырық шашатын кезеңі. Сондықтан да сәуірдің 20-сы мен мамыр айының 31-не дейін ОҚО-ның аймағындағы су қоймаларында, өзен-көлдерде балық аулау тиым салынған.

» Бірлескен рейд нәтижесінде қолға түскендердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабының  1-ші және 2-ші бөлімдері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Браконьерлер тиым салынған электр қармақтарын  пайдаланған. Қазір аталған іс Мақтаарал аудандық ІІБ-не жолданды»,- дейді ОҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Жанболат Туғанбаев.