Шымкент Кубогі қызылордалық дзюдошыға бұйырды

264
бас жүлде үш жүз мың теңгені де жеңімпаз команда еншіледі

Беларусия, Өзбекстан Қырғызстан және Қазақстанның жас дзюдошылары шым қалаға жиналды. Шымкенттің кубогі үшін халықаралық турнирі 17 ұл және 12 қыздар командасының басын қосып, 8 салмақ дәрежесі бойынша епті палуандарды анықтады. Олардың арасында еліміздің құрама командасы да бар. Ал жарыстың ашылу салтанатына республикалық федерацияның басшысы да арнайы келіп, турнир ұйымдастырушылар қонақжайлық танытып, қонақты сәйгүлікке мінгізді.

Турнир расында халықаралық аренаға сай етіп ұйымдастырылыған. Мұндай жарыс оңтүстікте бұрын соңды өтпейтін деп спортшылардың өздері де таң қалуда.

Бұл командалық жарыс. Татамидің төріне шыққан 8 палуанның ережеге сай күресуін халықаралық дәрежедегі төреші Мұқсұм Нұртазин бақылауда.

Командалық алғашқы жекпе жекте шымкенттіктер ақтөбенің палуандарымен тартысқа түсіп, 5-3 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Алайда, турнирге жиналғандардың арасынан қызылордалықтар мықтылық таныта білді. Турнирдің екінші күні бойжеткендер белдесіп, ақтық сынға шымкенттіктермен ұлттық құраманың палуандары бас жүлде үшін таласқа түсті.

Ұлттық құраманың дайындығы бірінші кездесуден бастап-ақ байқалды. Нәтижесінде қонақтар жағы 300 мың теңгелік сыйақымен бас кубокті еншіледі. Ал шымкенттіктер күмістен алқа тағып, келесі жарыста топ жарамыз деп өзара уәделесті.