Шымкентте Измир, Гросетто сынды көшелер бар

335

Түркияның Измирі, Италияндық Гросетто. Шымкенттіктер үшін бұл атаулар енді күнде айтылатын болды. Өйткені, Нұрсәт шағынауданындағы көшелер осылай аталыпты. Ал билік өкілдері мұны достықпен ұштастырады.

Қаламыздағы тойхана, дүкен, сауда орындарында шет тілінде жазылған жазулардан құтыла алмай жүргенде, «Нұрсәт» шағынауданындағы көшелерге Гросетто, Измир аталымдары беріліп үлгерген. Түркиялық, итальяндық қалаларда жүргендей күй кешіп жүрген «нұрсәттықтар» бұл атаулардың қандай мақсатта өзгертілгенінен бейхабар. Төлепбек Назарбеков деген атуды бірен-саран бұрылыстардан ғана кездестіруге болады. Олардың айтуынша, ешкім ешқандай рұқсат сұрамай, бөгде атаулармен көше есімін өзгерткен.

«Даудың басы» басы қайдан шықты деген уәжбен жауапты мекемеге жол тарттық. Десе де, қала әкімінің орынбасары Баһадыр Нарымбетов бұл тек достықтың нышаны деумен шектелді.

Өкініштісі, сол — жауаптылардың өзі жауаптан жалтарды. Гросетто көшесін өзгеруті жөн көріп отыр. Дегенмен, алдағы уақытта да мұндай көшелерді кездестіруіміз әбден мүмкін. Себебі, басшылық қала көшелеріне түрлі аталымдарды беруді жалғастыра бермек.

Біле жүріңіз, Шымкентте соңғы 2 жылда 700 көшенің атауы ауыстырылып, оның 70%-на батыр, жазушылардың есімін берген. 20 пайызына табиғи нысандардың аты қойылған.

Стивенэйдж — Ұлыбританиядағы қала
Могилев — Беларус еліндегі қала
Ходжент — Тәжікстандағы қала
Паттайя — Таиландтағы  қала
Гросетта — Италиядағы қала 
Измир —  Түркиядағы қала