Жылу беру маусымы 7-сәуірге дейін созылуы мүмкін. Ауа-райын болжаушылар температура көрсеткіші айдың басында төмендейді деген болжам айтқан болатын.
Осыған сәйкес қала әкімдігінің мамандары осындай шешім шығарды. Дегенмен күн жылынса, жылу беру маусымы 5-сәуірде аяқталатын болады.