Маусым айында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Айдың алғашқы онкүндігінде көптеген өңірлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің күшеюі күтіледі. Кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күн ыстық болса, солтүстік пен шығыста ауа температурасы біршама төмен болады. Ал айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде аптап ыстық кезеңдері жаңбырлы әрі салқындау күндермен алмасып отырады. Найзағайлы жаңбырлар мен екпінді жел жиілеп, жекелеген аудандарда бұршақ пен шаңды дауылдардың болуы ықтимал. Жалпы, маусым айында ауа температурасы климаттық нормаға жуық болып, кей өңірлерде одан жоғары болуы мүмкін.
ҚАЙСАР ШАЯХМЕТОВ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР СИНОПТИГІ: «Елдің оңтүстік жартысында түнде +14+23°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +34+40°С қатты ыстыққа дейін, жекелеген күндері өте қатты ыстық +40+46°С-қа дейін ауытқуы болжанады»
ЛАУРА БАБАС






