Қажымұқан жарысы палуандарды «Қазақ барысына» дайындады

349
Бұл жолы да Бейбіт Ыстыбаев автокөлікке ие болды

Бұл жолы да жарысқа Моңғолия мен Қытайдың палуандары ниет білдіріпті. Сондай ақ,  Қырғызстан, Өзбекстан және Байқоңырдың да қазақ күресінен ептілері кілемнің төрінде бас жүлде үшін таласқа түсті.

Палуандар бұл додаға бас жүлде үшін емес, алдағы күні өтетін «Қазақ барысына» дайындығын тексеру үшін келіпті. Шәкірттерімен бапкерлер жағы да бір ауыздан келіседі.  Оның үстіне өткен жылмен салыстырғанда қазақ күресіне деген қызығушылық артып, бас жүлдеге талас тартысты жүруде. Бұл жарыста «Қазақ барысының» күміс жүлдегері де сынға түсуде. Ол дегеніміз бас жүлдені жеңіп алу оңай тимесі анық.

Бұл жолы жеңімпаздарға 2 жеңіл автокөлігі тігілді. Палуандар екі күн бойында белдесіп, нәтижесінде Алматылық спортшы Бауыржан Тәліп жеіл салмақтағылар арасында жеңіске жетсе, Тараздың танымал түйе палуаны Бейбіт Ыстыбаев алып денелілер арасында топ жарды.