Үздіктер марапатталды

275

Бүгін 25 мамыр мектептерде соңғы қоңырау соғылар күн. Биыл ОҚО-да 1017 мектептен 39641түлек білім ұясынан түлеп ұшқалы тұр. Оның 26112-сі ҰБТ-ға қатысады деп жоспарланып отыр. Ал кеше шымкент қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушыларына салтанатты жиын өткізіліп, оқу  үздіктері  марапатталды.

Жыл сайын ҰБТ қорытындысы бойынша алдыңғы орыннан көрініп жүрген білім ордасында 1877 оқушы білім алса, соның 817-сі бастауыш сынып оқушылары. Сөйтіп, жыл бойы тәртібі мен үздік үлгерімімен үлгі болған 250 бүлдіршін мақтау қағазымен марапатталды.