Ауыл, мекеме аттарын бір ізге салатын кез жетті

368

Семинар кеңесте Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік нысандарына атау беруге байланысты бірыңғай ережелер қабылдау жәйі талқыланды. Соңғы 20 жылда инженерлік инфроқұрылым объектілері, қыстақтар, электр тораптары, көше атауларын, жылжымайтын мүлік нысандарына жаңа атауларды мекенжай тіркелімі ақпараттық жүйесіне енгізуді министрліктер, агенттіктер мен облыстар біркелкі емес, өздерінде бекітілген ережелер бойынша жасап келген.

Жұлдыз Жексенбай, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ АЖС департаментінің директоры: «Жүйедегі мәліметтерге келсек,  50 пайызы ғана дұрыс болса, қалғаны  қателіктермен. Көп тұста соңғы жылдары өзгеріске ұшараған мекен жайлар мен жылжымайтын мүлік нысандарының жаңа атауы бойынша деректер ақпараттық жүйеге енгізілмеген. Осыған орай азаматтар анықтамалық мәлімет сұрағанда, оларға берілген жауаптар да түрлі болып келеді».

Жылжымайтын мүлік нысандарына жаңа атаулар бірыңғай ережелеріне сәйкес беріліп, тіркелуі шарт. Сонда ғана азаматтардың тапсырыстары дер кезінде орындалады. Сала министрліктері мен өзге де органдарда, статистика агенттігіне қарасты департаменттерінде нысанның атауы дұрыс берілсе, шиеленіс те болмайды. Бұл бағытта іс жоспарлар түзіліп, оны орындау мерзімі де бекітілген.

Сапарбек Нағашыбеков, ҚР әділет министрілігінің ТҚ және ҚКК төрағасының орынбасары: «Үкімет тарапынан тапсырма берілген мекенжай тіркелімі және жылжымайтын мүлік тіркелімі ақпараттық жүйелеріндегі мәдліметтерді сәйкестендіру бойынша тапсырма берілген. Оны орындау бірнеше рет кейінге қалдырылған болатын. Енді соңғы мерзім маусым айында толық бітіру керек. Маңызды шараны жүзеге асыруда жерігілікті әкімдіктер сала мекемелеріне қолдау көрсетіп, жоспарланған жұмысты өз мерзімінде орындауға барлық мүмкіндіктерді жасау керек».

ОҚО облысы аумағында анықтауға жататын 4 жарым мың әкімшілік-аумақтық бірліктер мен геонимдердің және 227 мыңға жуық жылжымайтын мүлік объектілері бар. Мекенжай тіркеліміне енгізуге жататын 130 мың жылжымайтын мүлік нысандары анықталған . Үй кафе, гараж жер учаскелерінің дұрыстығын анықтап, оларды растайтын құжаттармен бекітіп, ақпараттық жүйеге аталған мәліметтерді енгізуді ұйымдастыру сала министрліктері мен агенттіктері және облыс әкімдіктеріне жүктеліп отыр. Осы құрылымдар өзара бір бағытта жұмыс жасаса, ақпараттық анықтамаға енгізілген мәліметтер шынайы біркелкі болатыны анық.