Даңқ мемориалында Ұлы жеңіс күні атап өтілді

520

Ардагерлер, тыл еңбеккерлері, қалатұрғындары мен қонақтары Абай саябағындағы Даңқ мемориалының алдында Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған салтанатты жиынға жиналды.

Қазіргі таңда ОҚО-да көзі тірі 914 соғыз ардагері, 20 731 тыл ардагері, оның ішінде Шымкент қаласында ҰОС қатысқан 323 ардагер және 6 мың тыл еңбекккері ғұмыр кешуде. Олардың басым бөлігі денсалығына байланысты мейрамды тойлауға келе алмады.

Жеңістің 67-ші көктемін қарсы алу жазбаған батыр аталар мен апаларымыз қаншама. Бейбіт өмір сыйлаған жеңімпаздарды қалай ұлықтасақ та жарасады.

гүл шоқтары қою рәсімі

Салтанатты жиын мәңгі алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Жиналған қауым қаза болған соғыс жауынгерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.