Көпқабатты үйлердің аулаларын тазалау жалғасуда

354

Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын тазарту жұмыстары Еңбекші ауданында жалғасын тапты. Бүгін «Спецавтотранспорт» мекемесінің жұмысшылары ауладағы ағаштардың қураған бұтақтарын кесіп, діңдерін әктеуде.

Жиналған қоқыс техникаға тиеліп, арнайы алаңға жеткізіледі. Бұл ауланы кезекті рет коммуналдық сала мамандары енді кестеге сәйкес, бір жарым айдан кейін тазалайды.

Мұхтар Байболов, «Спецавтотранспорт»ЖШС-нің Еңбекші ауданындағы учаске бастығы: «Бүгін 11-шағынаудандағы  Уәлихаов көшесіндегі  үйлердің ауласын тазалаудамыз. Сосын 12-шағынауданға  көшеміз. Осылайша кестеге сәйкес,  аудандағы барлық аулаларды қамтимыз. Өйткені биылға  санитарлық тазалық шарасын жүргізу құқығын біздің мекеме тендерде ұтты».