«Оңтүстік Рабат» газетінің оқырмандары жарты жылдыққа жазылды

340
"Оңтүстік Рабат", "Рабат" газетінің оқырмандары жазылуды жалғастырды

Бүгін, сәрсенбінің сәтті күнінде «Рабат», «Оңтүстік Рабат» газеттері арнайы оқырмандар үшін ашық есік өткізді. 10 пайыздық жеңілдікпен жазылғандарға сый-сыяпат табыстап, маман кеңестерін ұсынды.

Бұл күні 5000 оқырманы бар, жаңалықтың жаршысы болған «Рабат», «Оңтүстік Рабат» газеттері жаңа оқырмандарымен де толықты. Мәселен, Абзал Қазанқапов 30-мамырды асыға күтіпті. Жеңілдікпен жазылуды көздеген жігіт, түрлі сыйлықтарға да қол жеткізді.

Абзал Қазанқапов, қала тұрғыны: «Мен тұңғыш рет жазылудамын бұл басылымға. Достарым, туыстарымның барлығы да “Рабат”, “Оңтүстік Рабат” газеттерінің тұрақты оқырмандары. Сондықтан олар маған кеңес беріп, газет ұсынды. Оқып қарасам, расында да қызықты мағлұматтар мен халықтың мұң-мұқтажынан сыр шертеді екен. Сондай-ақ Оңтүстіктегі барша жаңалықтарды да жазады бұл басылым. Бүгін маған сауда белгілерінің сыйларын ұсынды, ауыз толтырып айтарлықтай болмағанымен, шын жүректен болғандықтан, қуанып қалдық».

Осылайша халық ұзын-сонар кезекте тұрып, таласа жазылды сүйікті басылымына. Ал дәл осы халықтың, көзі, һәм құлағы болып отырған бұл басылымдар өз оқырмандарына тосын сый жасады. Әлеуметтік қорғау,қаржы полициясынан, коммуналдық қызмет, дәрігер мамандары тегін кеңес берді. Арнайы келген мамандарға оқырамандар мазалаған сауалдарын қойыпты.

Лаура Уразбаева, Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы: «Әрине, көпшілік қауым толассыз келіп жатыр. Көкейлеріндегі сауалдарды қоюда. Жауап беріп, қажетті мәліметтермен де таныстырдық. Десе де алдағы уақытта біз халықтың сұрақтарына газет дәл осы газеттер арқылы жауап беретін боламыз. Яғни халық пен бізді байланыстыратын басылымға айтар алғысымыз шексіз.

"Оңтүстік Рабат", "Рабат" газеттеріне жазылушылар көп болды

Дәл осы сағаттарда редакция ауласында арнайы оқырман-халық үшін азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі жүрді. Ешқандай қоспа бағасыз, көтерме бағада ұсынды жергілікті тауар өндірушілер. Рухани ләззат сыйлайтын басылым-достарына оқырмандар разы болып тарасты.

Бүгінде 5000 оқырманына жаңалықты шұғыл жеткізіп қана қоймай, халықты шынайы ақпаратпен сусундатып отырған газетті еңбектеген баладан, еңкейген қарияға да асыға күтеді. Оқырмандарының үмітін ақтау үшін апта сайын жаңа айдарлар жарық көріп, тың тақырыптармен толығуда. Оқырман, әрдайым сіздердің талап-тілектеріңіз ескерілетінін ұмытпаңыз!