Облыстық қарттар үйінде екі ҰОС-ның ардагері бар

ардагер Нұрмахан Әбдірахманға құрмет көрсетілуде

Шымкенттегі облыстық Қарттар үйінде Ұлы Отан соғысында шайқасқан 2 ардагер бар. Көнекөз қариялар қан майданда Мәскеу, Брест, Украина, Беларусия, Вена ұрыстарында, Берлин түбіндегі шайқаста ерліктерімен ерекшеленген жауынгерлер. Бүгін халық қалаулыларымен мектеп оқушылары және қарттар үйінің ұжымы ерлігі есіл батырларға құрмет көрсетті.

1941-1945-тің зұлмат кезінде толарсақтан қан кешіп, қабырға қайыстырған ардагерлер ешқашан назардан тыс қалмаған. Өмір мен өлім арасында шайқасқан батырларға биылда әдеттегідей құрмет қошемет көрсетілді. Бүгінде аталған мекемеде ҰОС бір жесірі мен 35 тыл ардагері күн кешуде. Ұанды майданға қатысқан екі ардагердің бірі Нұрмахан Абдрахман. Ол  биыл 90-шы көктемін қарсы алыпты. 1418 күнге жалғасқан қанқұйлы соғыста 1600 күнді атыс алаңында өткізіпті. 4 рет жараланып, жеңіс күінін Венада қарсы алған. Қайта құру кезеңінде білім-ғылы жолына бет бұрып талай жылы кеңес үкіметінің жоғарғы лауазымында қызметтер істеген.

Нұрмахан Абдрахман,ҰОС ардагері: «Соғыста 4 рет жараландым. Қазір басымда 4 бомбаның жарықшағы бар. Соғыста Венаға дейінгі барлық ұрыстарға қатыстым. 6 немісті тұтқынға алып оз ортамда атым шықты. Соғыстан кейінгі жылдары Қызыл үкіметтің жауапты қызметтерінде жұмыс істедім».

Есіл ердің қарттар үйіне тұрақтағанына биыл бес жыл. Қимылы ширақ. Әлі бақуат. Осында келгелі үйлендім. Өз алдыма жеке үй болдым депте әзілдейді батыр қарт.

Жылдағы дәстүр бойынша Қартар үйінің босағасында жеңіс күні ерекше тойланып өтеді. Биылда ардагерлерге шапан шабылып, сыйлықтар табысырылды. Ұлт пен ұрпақ үшін жанкештілік танытқан батыр бабаларға тағзым көрсету биылда маңызын жоғалтпақ емес.