Шошқа асыраған кәсіпкерге талаптарды орындау міндеті жүктелді

315

Тассай ауылдық округіне қарасты Достық ауылы тұрғындарының шошқа бағатын көршісі жеке кәсіпкерге наразылығы жайлыжазған болатынбыз.

Бүгін ауылдық округтің әкімі Мәриям Қалыбаева сала мамандарымен, кәсіпкермен кездесіп, ескерту берген. Кәсіпкер екі күн ішінде шошқа қиын жинап, шұқырдың бетін жабуы тиіс. Сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында сол маң қоршалып,2 метрге дейін шарбақ орнату иесіне міндеттелді. Егерде тапсырма орындалмаса, кәсіпкер айыппұл төлейтін болады.

Сондай-ақ , тассайлықтар үшін жағымды жаңалық. Жақынарада  Бейбітшілік көшесінің жолына тас төселетін болыпты. Бұл игі бастаманы уәде еткен депутат қолға алмақ.