Шымкентте әскерилер сап түзеді

Осыдан 2 сағат бұрын Әл-Фараби орталық алаңы арқылы көлікпен де, жаяу да қозғалу мүмкін болған жоқ. Бүгін алаңда салтанатты шеру өтті.

Қазақстан қарулы күштерінің 20 жылдығына арналған әскери шеруде өңіріміздегі әскери бөлімдер мен гарнизон, бөлімшелердің сарбаздары мен басшылығы сап түзеп шықты. Соңынан алаңнан әскери техниканың ондаған түрінен құрылған шеру болды.

Осы құрамның әскери дайындығын мінбеде Ұлы отан соғысының ардагерлері мен тылдағы еңбек еткен жеңімпаздар, еңбек ардагерлері, қонақтар тамашалады.