Оңтүстік халқы Отан қорғаушылар күнін атап өтті

347
Оңтүстік халқы Отан қорғаушылар күнін атап өтті

Оңтүстікқазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін тойлады. Шымкент қаласындағы Түркістан сарайында 7 мамыр – Қазақстанның Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған салатанатты шара өтті.

Оңтүстік халқы Отан қорғаушылар күнін атап өтті

Мерекелік жиынға қатысқан өңір басшысы барша оңтүстікқазақстандықтар мен жауынгерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, еліміздің Ұлттық әскерінің айбыны бұдан да әрі артуына тілектестік білдірді.

Оңтүстік халқы Отан қорғаушылар күнін атап өтті

– Қарулы күштер қатарында әскери қызмет атқару – Отан алдындағы кез келген ер азаматтың абыройлы парызы, – деді Бейбіт Бәкірұлы. – Біз бүгін ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының отты жолдарынан өткен жауынгерлердің рухының алдында тағзым етіп, басымызды иеміз. Сіздер әскер сапында ата-аналарыңыздың, сүйікті жарларыңыз бен балаларыңыздың тыныштығын күзетіп, аса жауапты қызмет етіп жатырсыздар. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз!

Оңтүстік халқы Отан қорғаушылар күнін атап өтті

Салтанатты шарада елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын, заңдылықты қорғауға үлес қосқан 20 азамат аймақ басшысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және ОҚО әкімінің грамотасымен, алғыс хатымен, сонымен қатар, Қорғаныс министрінің «Мінсіз қызмет үшін» медалімен марапатталды.

Оңтүстік халқы Отан қорғаушылар күнін атап өтті

Айта кетейік, биыл Қазақстанның қарулы күштерінің құрылғанына 24 жыл толып отыр. Уақыт талабына сай әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді.

Оңтүстік халқы Отан қорғаушылар күнін атап өтті

Біздің өңір – еліміздің Оңтүстік қақпасы. ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірімізде Шымкент горнизонына қарасты 10 әскери құрылымдық бөлім Оңтүстік шекараның тұтастығы мен тыныштығын сақтауда қызмет етуде.

Оңтүстік халқы Отан қорғаушылар күнін атап өтті

Мерекелік басқосу қорғаныс саласында талай жыл еңбек еткен тұлғалардың құттықтау сөздерімен жалғасып, «Ел қорғаны ерлерім» театрландырылған көрінісіне ұласты. Шара соңында көрермендер атаулы күнге орай дайындалған арнайы мерекелік бағдарламаны тамашалады.

Оңтүстік халқы Отан қорғаушылар күнін атап өтті