Шымкенттегі кәсіпқой ринг төріне үш елдің боксшылары шықты

281
Үш елдің боксшылары қолға түйістірді

Шымкенттегі кәсіпқой бокстың кеші — 4 рейтингтік жепе-жекпен есте қалды. Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның 8 саңлағы өзара ептілерді анықтады. Жеңімпаз Лондонның ірі компаниясымен жұмыс жасауға келісім шартқа қол қояды.

Ерік Жайлауов, промоутер: «Мұндай жарыстар біз үшін епті спортшыларды іріктеп алуға қажет. Оңтүстікте мықты боксшылар жетерлік, алайда оларға жол көрсетерлер аз. Сол себепті де кәсіпқой рингті Шымкентте жиі орнатамыз. Ал біз промоутерлік компанияларды шақырып, сол жастар қолдау көрсетуге көмектессек деп жоспарлап отырмыз».

Ағылшын компаниясы Қазақстанға жиі келіп тұрады. «Хатн Промоушен» промоутерлік компаниясының өкілі Шымкентке арнайы келіп, ептілерді іріктеп алмақ.

 Филип Фандю, Лондон промоутерлік компаниясының өкілі: «Мен Қазақстанға осымен 6-шы рет келуім. Петропавлда болдым, суық екен. Ал жанат Жакияновтың ептілігін байқап, оған дән риза болып отырмыз».

Бұл жолы Петропавлдық Жанат Жакиянов мықтылық танытты. Солтүстік қазақстандық қонақ қарсыласын үшінші раундтың соңғы минуттарында ғана жеңе білді. Нәтижесінде Жанат ағылшындық промоутерлермен келесімге қол қоюға мүмкіндік алды.

Жанат Жакиянов, боксшы: «»Қарсыласым мықты екен. Біз кездесу алдын оның осал жерлерін зерттеп алдық. Содан болар жеңдім».

Енді топ жара білген боксшы жаттығуын шет елде жалғастыратын болады.