Шымкентте кене шаққандар көп

360
2 адам күдікпен ауруханаға жатқызылды

2012 жылы облыс бойынша кене шағып дәрігерге қаралғандардың саны 1632 жетсе, оның 380-і Шымкент қаласының тұрғындары. Яғни, өзге аудандармен салыстырғанда көш басында тұр деген сөз.

Орта есеппен алғанда бір күнде 30 адамды кене шағады екен. Қырым қанды безгегінің алдын алу мақсатында облыс бойынша 24 млн. шаршы метр қора жайлар залалсыздандырылып, 1 млн.-нан астам ірі қара: жылқы мен түйе бүркілді. Ал ұсақ малдарды тоғыту 15-мамырда аяқталады деген жоспар бар.