«Нұр Отан» ХДП-ның «Өзiңнен баста» атты акциясына өңіріміздің мемлекеттік қызметкерлері атсалыса бастады. Ұзын-ырғасы әзірге 200 шенеунік қалтасында қанша ақша, атына тіркелген үйі, мал-мүлкі барын жасырмай айтып, ақтарылыпты.
Мұны, Сіздің де білгіңіз келіп отырған болар, қадірлі оқырман. Әкімдердің ақшасын біле жүргейсіз…
1.Алмасбек Мамытбеков, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары — 4 бөлмелi пәтері, «Субару» автокөлігі, қолында 1 миллион 300 мың теңгесі бар. Бір жылдық табысы былтыр 1 миллион 693 мың теңгеден асқан.
2. Шәрiпбек Жамалбек, «Нұр Отан» ХДП ОҚОФ Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы — 2010 жылғы жалақысы 1 миллион 182 мың теңге болған екен Басында бір үйі, кәсіпкерлік нысандардың бірінен алатын жылдық табысы 6 миллион 300 мың теңгенi құрайды
3. Қайрат Молдасейітов, Шымкент қаласының әкімі — 316 миллион 200 мың теңгесі мен 3 миллион 900 мың АҚШ доллары, атына тіркелген жер телімі бар.
4. Әуелхан Тұрғымбеков, Төлеби ауданының әкiмi — Шымкентте 1 пәтерi, әр жерде орналасқан 3 жер телiмi, 8 миллион 500 мың теңге нақты қаржысы бар екен.
5. Уәлихан Қайназаров, Сайрам ауданының әкiмi — нақтылай 8,6 миллион қаржысы, пәтерi мен тұрғын үйi және автокөлiгi бар.
6. Қайрат Әбдуалиев, Түлкiбас ауданының әкiмi — өзi тұрып жатқан үйi, автокөлiгi және Шымкентте әлi құрылысы толық аяқталмаған үйі бар екекн.
7. Бахытбек Байсалов, Кентау қаласының әкiмi — қалтасында нақты 6 миллион теңгесi барын ғана айтыпты.
8.Райымбек Жолдас, Бәйдiбек ауданының әкімі — өзі тұрып жатқан үйi мен екi автокөлiгi ғана бар екен.
9.Аманғали Аймұрзаев ,Созақ ауданының әкімі — 6 миллион теңгесі, 379-қойы, 322 -ешкісі, 37-жылқысы, 20-түйесі, 32-сиыры бар болып шықты.
10.Бақытжан Әшірбаев, облыстың бас архитекторы — айлығы 51 мың болса да, 10 миллион теңге нақты ақшасы бар.
11.Альбина Елшиева, облыстық бiлiм басқармасының бастығы — тапқан табысы 1 миллион 938 мың теңге. Ал, айлық жалақысы 146 782 теңгенi құрайды. Шымкент қаласы «Нұрсәт» шағынауданында ипотекалық несиеге алынған аумағы 92 шаршы метрлiк 3 бөлмелi пәтері бар.
12.Тұманбек Әлиев, облыстық құрылыс басқармасының бастығы — «Нұрсәтте» ипотекалық жолмен алған 3 бөлмелi пәтері, жылдық табысы 1 миллион 795 мың теңгесі, банкте 300 мың теңге салымы бар.
13.Ербол Садыр, облыстық экономика және бюджеттi жоспарлау басқармасының бастығы- Шымкентте 3 бөлмелi пәтерi, бiр жылда 2 миллион 592 мың теңге тапқан табысы бар.
14.Әбiлсейiт Рабаев, облыстық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының бастығы — 2010 жылы 1 миллион 648 мың жалақы алған, қазiр қалтасында 500 мың теңгесі ғана бар.
15.Роза Исаева, облыстық қаржы басқармасының бастығы — 5 айда 2 миллион 135 мың теңге табыс тапқан. Оған қоса 2 миллион теңге нақты ақшаға ие.
16.Қабылбек Төретай, облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы- бiр жылда — 2 миллион 87 мың теңге табыс табады екен.
17.Мұхит Әлi, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының бастығы — 1 миллион 896 мың теңге табысы бар.
18.Полат Қырықбаев, облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы — 1 миллион 523 мың теңге жалақы алған.