Аптап ыстық күн әлі алда

397

Бүгін — жазғы шілденің түскеніне 3 күн болды. Синоптиктер ала бұлтты ауа райы Оңтүстікте Каспийден келген циклонның әсері дейді. Ал бүгіннен бастап күн қайта ысиды деп отыр. 

Синоптиктердің айтуынша, алдағы 1-2 күнде облыс көлемінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде. Ал шілде айының бірінші онкүндігі биылғы маусымның ең ыстық күндері болмақ. Ауа температурасы 42-43 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда.

Мамандар биылғы шілдеде былтырғы жаздан ыстық болмайды. Бірақ Шардара, Отырар сынды облысымыздың оңтүстік-батыс аудандарында жауын-шашын мөлшері тым аз, ал таулы аймақтарда шамадан тыс болады деп болжап отыр.

Жазғы шілденің 3-ші жартысында күн қайта ысиды деп жорамалдап отыр синоптиктер. Мамандар бұл мәліметтерді Оңтүстіктегі тәулік бойы жұмыс істейтін 14 метеостанцияның мәліметіне сүйеніп айтады.