Балаларды қорғау күнінде балалы болып жатқан отбасылар көп. Мәселен, 1 маусымға қараған түні №4 облыстық перинаталдық орталығында 15 нәресте дүние есігін ашқан.
Бүгінгі мерекеге байланысты ондағы ата-аналарға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйытқы болуымен 1 мен 3 жастағы бүлдіршіндерге арналған нұсқаулықтар таратылды. Нұсқаулық «Отбасында сәбиге күтім жасау» деп аталады.
Шағын кітапшада баланы күтіп-бағудың түрлі қыр-сыры жазылған дейді салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Гүлжан Әмірқұлова. Бұл нұсқаулықтар облыстағы 4 перинаталдық орталыққа да таратылды осы күні.
Айта өткен жөн, жыл басынан бүгінге дейін №4 облыстық перинаталдық орталықта 3287 бала туылыпты.