Дәрігерлерді кәсіби мерекесімен «ҚазМедПрибор» кәсіпорны да құттықтайды

Медицина қызметкерлерінің мерекесі — тек қана абзал жандардың ғана емес, дәрігерлер жұмысына жағдай жасаушылардың да мерекесі. Адам денсаулығын қамтамасыз ету саласында жүрген мекемелердің арасында медициналық құрылғылар шығарумен айналысатын «ҚазМедПрибор» компаниясы да бар.

Өмірді сақтау арқылы денсаулықты қайтару. Мұндай мүмкіндікке өз кәсібінің шеберіне айналған дәрігерлердің ғана емес, заманауи құрылғылардың көмегінсіз қол жеткізу қиын бүгінде. Бірақ Оңтүстіктің ақ халатты абзал жандарының жолы болды. Шымкентке түрлі емдік орталықтарын арнайы жиһаздармен жабдықтап, медициналық құрылғыларды өндіруші болып саналатын танымал «ҚазМедПрибор» компаниясы келді.

Кәсіпорынның жұмыстары бұл күндері мемлекеттік дәрежеде аталып жүр. Мәселен, жақында ғана мекеме ұжымы еліміздің денсаулық сақтау министрінен алғыс хат алды. Қазақстандықтардың денсаулығы мен дәрігерлердің мүмкіндіктерін оңтайландыруды ойлаған білікті ұжым елімізде теңдессіз саналатын, тіпті әлемдік алып компаниялармен бәсекеге түсетін өнімдер шығарады.

Бекболат Орынбеков, «ҚазМедПрибор» ЖШС-нің директоры: «Денсаулық — баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын асқан шеберліктің иесі ақ желеңді абзал жандардың мерекесі. Медицина кәсібі — адамгершіліктің асылы. Сондықтан, барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш-қайрат және отбасыларына береке тілейміз».

Кәсіпорын осы күнге дейін жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес. «ҚазМедПрибор» компаниясының болашақта өндіріс түрлерін кеңейту жоспары бар. Жұмыс бағдарламасында шетелдік нарықта да үлкен сұранысқа ие боларлық жабдықтар мен құрылғыларды шығару да нақтыланған.