Қазмедприбор «Парыз» жүлдесіне ие болды

319
Қазмедприбор

«Қазмедприбор» холдинг» биыл тағы да үздіктердің қатарынан көрінді. Атап айтқанда компания әлеуметтік саладағы үздік қызметі үшін «Парыз» премиясының лауреаты атанды. Алып кәсіпорын денсаулық сақтау саласына қажетті күрделі және озық үлгідегі аппараттарды шығаруда алдыңғы қатарда келеді.

«Қазмедприбор» холдингі мекемесі халықаралық стандартқа сай жұмыс істейді. Зауыт бүгінде еліміздегі ауруханалар мен емханаларды УДЗ аппаратынан бастап операция бөліміне қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтып отыр. Соңғы үлгідегі инновациялық жобаларды іске асыруда кәсіпорын Жапония, Испания, Корея сынды алпауыт мемлекеттердің зауыттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Тіпті шетелдерден тапсырыс қабылдап, Қазақстандық өнімдерді көпшілікке танымал етіп үлгерген.

Қазмедприбор "Парыз" жүлдесіне ие болды

Серік Жандарбеков, «Казмедприбор» ЖШС директоры: «Компания қызметін бүкіл Қазақстан біледі. Өздеріңізге белгілі, еліміздің демографиялық өсімі жақсы. Бұл дегеніміз – жылдан-жылға халық саны артуда. Осыған байланысты медиицналық қызмет көрсететін ауруханалар да көбейіп келеді. Сондықтан, біздің кәсіпорын шығарған тауар әрқашан сұранысқа ие. ИСО 9001-2009 жобасы аясында биыл 120 медициналық көлік шығарып, Батыс және Шығыс Қазастан, Павлодар облыстарына жібердік.»

2017 жыл да аталған компания үшін табысты жыл болды. Атап айтқанда «Қазмедприбор» холдингі сапалы қызметтің нәтижесінде әлеуметтік табысы зор компаниясы ретінде «Парыз» премиясының лауреаты атағын жеңіп алды.

Қазмедприбор "Парыз" жүлдесіне ие болды

Шәкір Исмағанбетов, «Қазмедприбор» ЖШС қаржы директоры: «Парыз» жүлдесі үздік әлеуметтік мекемеге беріледі. Біздің мекеме соңғы бес жылдың ішінде 86 медициналық мекемені қажетті құрал-жабдықтармен қамтыды. Ол өнімді жоғары технологиямен дайындап шығару үшін 200 млн теңгедей жұмсалған.»

Айта кетейік, кәсіпорынның жұмысы жүйелі. Өнімдері де сұранысқа ие. Мұнда жасалатын қондырғылар озық шетелдік құрылғылардан кем түспейді. Мемлекет тарапынан қолдау көріп отырған кәсіпорын жедел жәрдем көлігінен бастан аяқ жабдықтап, қажетті құралдармен қамтамасыз ете алады.

Лаура Нахыпқызы