Медицина қызметкерлерінің төл мерекесі тойлануда

758
Облыстық түбіркілезге қарсы диспансердің дәрігерлері төл мерекелерін тойлауда

Дәрігерлердің төл мерекесі тойлануда. Атаулы датаны тойлаудан облыстық түбіркілезге қарсы диспансердің дәрігерлері де шет қалмады. Бұл күні емхана қызметкерлеріне мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Қаламыздағы театр өнерпаздары дәрігерлерге әдемі әзілдерін ұсынып, құрметін жеткізді. Өзгелердің өмір сүруіне үлес қосатын жандарға , бұл күні қызықты дәрумен-күлкілер сыйланды. Айта өтейік, аталған ауруханада дәл қазіргі уақытта 54 дәрігер, 260 медбике науқастардың дұрыс ем қабылдауына жағдай жасап жүр.

Абырой емес, адам өмірі үшін арпалысатын ақ халаттылар міндетінен жаңылмақ емес. Адам ағзасының саулығын қамтамасыз етіп жүрген абзал жандар науқастардың аз болғанын тілейді. 34 жылдан бері Геппократтың антына адал жұмыс жасап жүрген дәрігер Ағила Мұхамедиярова дәрігер болу қажырлы қайратты талап етеді дейді.

Ағила Мұхамедиярова, дәрігер, емхананың бөлім меңгерушісі: ”Әрине, дәрігер болу – өте қиын дер едім. Ол емделушілердің көңілін табу, емін жазу, бұл аз десеңіз, бізге келетін емделушілердің мінезі де қиын. Сондықтан, басқа-басқа біздің диспансердің дәрігерлерінің еңбегі елеулі. Бүгін міне, бізді марапаттап, құрметке бөлеп жатыр. Бұл да болса, біздің қажырлы еңбегімізді бағалауы деп білемін. Соншама жылдар бойы бөлім меңгерушісі болып қызмет етудемін, сол себепті дәрігер болудың маңызын ұқтым. Ендеше, ақ халаттылардың адам өміріне араша болатынын бағалаңыздар дегіміз келеді».

Салтанат Сақыбаева, облыстық түбіркілезге қарсы диспансердің бас дәрігері: ”Бірінші кезекте бізге құрмет көрсетіп, көңілімізді көтеріп, рухани дәрумен сыйлаған облыстық әзіл-ысқақ және сатира театрына алғысымды білдіремін. Бүгін барша медицина мамандарына алғыс хат, бағалы сыйлықтар табысталды. Себебі, бұл мамандардың қоғамда ауыз толтырып айтарлықтай орны бар деп ойлаймын. Адам ағзасының саулығын қамтамасыз етіп, өмірін ұзартуда еселі еңбегі бар жандарға қандай құрмет көрсетілсе де орынды. Сондай-ақ дәрігер тек науқасты дәрімен ғана емдемейді, оған психолог болып, адам бойына жігер сыйлауы маңызды. Науқасты рухани демеп, жазылатыныа сендіріп, өмірге деген құштарлығын оята білуі шарт. Сонда ғана науқас толығымен айығып шығуына мүмкіндігі арта түсері даусыз”.

Мақсат Айтжан, ОҚО әзіл-ысқақ театрының көркемдік жетекшісі: ”Біз мұндай маңызы мол шараларға әрдайым белсене қатысып, құрмет көрсетеміз. Себебі, дәрігерлердің қоғамдағы құнды орнын бағалағанымызды осылайша көрсеткіміз келді. Өнерпаздарға осы бір ойды айтқанымызда олар да қуана келісті. Бастысы, ақ халатты абзал жандар өздерінің мейірімді болмысын жоғалтпаса екен деймін. Адам өмірін қауіптен қорғап, залалсыздандыру жолында жұмыс жасайтын дәрігерлер қауымына денсаулық тілеймін!»