Оңтүстіктегі туберкулезге қарсы диспансер жабылуы мүмкін

Мекемеде қазіргі таңда 175-тен аса науқас емделіп жатыр
Мекемеде қазіргі таңда 175-тен аса науқас емделіп жатыр
Мекемеде қазіргі таңда 175-тен аса науқас емделіп жатыр

Жабыла ма, жоқ па? Облыстық туберкулезге қарсы диспансері жабылудың аз ақ алдында тұр. Өйткені, мемлекеттік мекемеде өрт бола қалса, тиісті талаптың бірі де жоқ. Сондықтан диспансерді үзілді-кесілді жабу керек. Осындай қаулымен ғимаратқа құлып саламыз деп бүгін арнамыздың тілшілерін төтенше жағдай қызметкерлері мен сот орындаушылары шақырған болатын. Алайда, мамандардың өздері түсірілім барысында сұқбаттан қашып, тайқып шыға келді.

Жабық мекемені бүгін өрт қауіпсіздігіне байланысты жабамыз деп барған мамандар ойдамаған жерден өздері тартысқа түсті. Жеке сөйлесулер жоспардың бәрін күл талқан еткен сыңайлы.

Еркебұлан ТАСҚАРАЕВ, Шымкент қалалық ТЖБ МӨББ инженері: «29 қазан, 2012 жылы жоспарлы тексеру барысында 8 бөлімше бойынша 45 кемшілік анықталды. Және де аулада орналасқан 5 өрт сөндіру гидранты арнайы өрт сөндіру көлігі шақыртылып, автотехникамен тексерілді. 5 өрт гидранты бойынша 4-уі жарасыз екені анықталып, 1-уінің штогының сынғандығы анықталды».

Міне, мекемені жабуға негіз болған олқылықтардың басы. Облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне мұндай айыптар 2008 жылдан бері тағылып келеді. 2012-нің 25 желтоқсанында экономикалық сот мекемені жабуға шешім де шығарған. Бас дәрігер диспансер жабылар болса, дерті қауіпті науқастардың жағдайы не болады не болады деп алаңдайды.

Салтанат САҚЫБАЕВА, бас дәрігер: «Туберкулездің мультирезистті түріндегі науқастардың бәрін қазір апаратын жер де жоқ қой. Құрт ауруының бұл түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті және қатерлі саналады. Менің айтарым, өрт сөндірушілердің бұл қаулысы негізсіз емес, әрине. Бірақ барлық кемшіліктер күрделі жөндеу жұмыстарымен бірге ретке келеді деп айта аламын».

Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің құрылғанына биыл 88 жыл. Орталықтың әбден ескірген ғимараттары наурыз айынан бастап күрделі жөндеуден өтуде. Ол үшін қазынадан 148 млн теңге қаржы қаралған. Тас құлып салынуы тиіс жабық мекеме тағы да қосымша мерзім алып, осылайша бүгін жабылмай қалды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uCkZ8svpblI[/youtube]