Миллионды жымқырмақ болған азамат ұсталды

280

Сенбі күні кешкісін сағат шамамен 18-30  ОҚО ІІД  жедел басқару орталығына ер азаматты ұрып, қолындағы сөмкесін жұлып кетті деген хабар келіп түскен.

Осы күні жеке кәсіпкер дүкенінен 3 күндік табысын алып қайтып бара жатқан кезінде көшеде оны екі жігіт кездестіріп, соққыға жығады.  Қылмыскерлер жәбірленушінің қолындағы сөмкесін ала қашады. Сөмкеде қомақты қаржат бар болатынын олар білгендей. Жәбірленуші күдікті азаматтың артынан қуып барып, жолдың бойынан өзінің сөмкесін тауып алған. Онда бірақ ақша болмай шығады. Осы оқиға жайлы суыт хабар келіп түсісімен қылмыс орын алған  аумаққа жедел түрде тосқауыл жарияланып, патрульдік экипаждар жіберіледі.

 Арман ҚАЛДЫБЕКОВ, ОҚО ІІД ППП инспекторы: «Біз қырғы базар маңынандағы тұрғындардан сұрастырып жүріп, әлгі күдіктінің ізіне түстік. Ол бізді көріп қаша бастады. Содан дүкендердің біріне кіріп кетті. Сол жерде оны қолға түсірдік. Сезікті бізге қарсы қоқан-лоқы көрсетті де».

Жәбірленушінің аитуынша қылмыскерлер екеу болған. Оның біреуі ғана құрыққа ілінді. Ол 1990 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны.

Ұсталған азамат: «Мен ақшаны көшеден тауып алдым. Ал жәбірленушіні мен ұрмадым. Ол басқа біреулермен төбелесіп жатқан еді. Мен оны танымаймын».

Жалпы жәбірленушінің ақшасы 1 420,000 теңге болыпты. Бүгінде ұрланған ақша егесіне толықтай қайтарылды. Құқық қорғаушылар күдіктінің қасында болған азаматты іздестіруде. Ал ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 179 -бабымен  іс қозғалуы мүмкін.