Шәй, кофе мен салқын сусындар қымбаттады

620

Алма Шайзадаеваның бөлшек саудамен айналысқанына бір жарым жыл болды. Сатушы азық-түлік тауарларының бағасы үнемі көтеріліп келе жатқанын айтады. Көтерме саудадан алып келген тауарыңның алғашқы легін сатып, келесісіне барсаң, бағалары 5-10 пайызға қымбаттап қалады дейді ол. Әсіресе, өзге елдерден жеткізілген азық-түліктің бағасы қымбат.

Алма ШАЙЗАДАЕВА, сатушы: «Шәй мен кофенің бағасы 10-15 пайызға қымбаттады. Өсімдік майының бағасы да  өсті.Майды біз 170 теңгеден  сауадалаудамыз, ал өзіміз оны  160-165 теңгеден сатып аламыз.  Қазір сауда  баяу жүргізілуде».

Статистика мамандары жылдық екінші тоқсанындағы есепке қымбаттаған тауарлардың тізімін енгізеді.

Елена Евдокимова, ОҚО бойынша статистика департаментінің бөлім бастығы: «Шәй, кофе, алкогольсіз сусындар,  шырындар мен минералды су және сыраның бағалары  көтерілген».

Статистика департаменті берген мәліметке сүйенсек, маусым айында ұн, ұн өнімдері, жұмыртқа, қырыққабат пен қызанақ, қияр секілді көкөністердің бағасы біршама арзандаған. Алайда, ерте пісіп жетілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалары әлі де төмендемей тұр.

Елена Евдокимова: «Мәселен пияз бен сәбіздің келісі 100 теңгеге дейін жетсе, ал картоптың бағасы 50-110 теңге аралығында».

Мамандар егер шілде айында қоғамдық көлікте жолкіре көтерілсе, азық-түліктің бағалары да міндетті түрде қымбаттайды дейді. Дегенмен, осы арада жағымды жаңалық та бар, қазір жанармай мен дизелдік отынның бағасы аздап болса да арзандаған.