Шетелдік оқымыстылар мен біздің студенттер өзара тәжірибе алмасуда

Аймақтардың индустриалды-инновациялық дамуына негізделген 2 күндік жиынға Түркия мен Польша, Қырғызстан, Түркіменстан және Литва елдерінен оқымыстылар келіп, біздегі оқытушы және студенттермен тәжірибе алмасуда.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция бастауын алды. Агроөнеркәсіптік, экономика, Аи-Ти (ІТ) технологиялық, педагогикалық және академиялық мобильділік салалары бойынша ой бөлісушілер мұндай басқосулардың қажет екенін айтады.

Еркін МАҚАШЕВ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің ғылыми зерттеу басқармасының директоры: «Біздің үйренетін ең негізгі нәрсе бұл коммерцализация, қазір мына аймақ даму мәселесі, бизнесті көтеру, ол бизнес мына ғылыми инновациялық технологияларды пайдалану керек. Өйткені, ондай технологияларды қазіргі заманда пайдаланбасақ, біздің даму мәселесі, вообще әрбір елдің даму мәселесі, яғни әрбір елдің дамуы технологиясына байланысты».